Бүгін Қостанайда Ахмет Байтұрсынұлы туралы "Соңғы үкім" фильмінің қойылымы болады
Алаш қайраткерінің рөлін сомдаған актер Азамат Сатыбалды мен режиссер Ғалым Доскенді қостанайлық көрермен, мәдениет саласының басшылары аэропорттан қошеметпен қарсы алды.
Кешке көрсетілім болады.
Киножоба қоғам қайраткері, ғалым, ақын, 20 ғасырдың басындағы қазақ саяси элитасының аса көрнекті көшбасшыларының бірі – Ахмет Байтұрсынұлының таңғажайып тағдырына әсер еткен елеулі оқиғаларды баяндайды. Фильм қазақтың көрнекті ағартушы-ғалымы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған. Фильм 2022 жылы түсіріле бастады.
