#REPOST @qumaraqsaqalov Бүгін Н. Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дінзухра Тілендиеваны қабылдадым
➖ Әлемге әйгілі Нұрғиса Тілендиев атындағы Мемлекеттік академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің Қостанайға арнайы атбасын бұруы – мәдени өміріміздегі елеулі жаңалық деп есептеймін.
Кездесу барысында қайталанбас тұлға Нұрғиса Тілендиев өзі іргетасын қалаған ұжымның өнерін аласартпай, асылдың сынығындай болып, әке жолын жалғастырып жүрген Дінзухра Нұрғисақызына ризашылығымды білдірдім.
Оркестрдің концерті қайырымдылық негізде өтеді.