Құрметті Мәдениет саласының қызметкерлері! Сіздерді Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздер халықты өрелі өнермен сусындатып, рухани байлықты толықтыруға және игі дәстүрлерді жалғастыруда аянбай еңбек атқарып келесіздер!
Өңірдің өнері мен мәдениетіне сүбелі үлес қосып, осы саланың мерейін шалқытудасыздар.
Қызығы мен мерейі көп, қиыншылығы да аз емес осы жолда баршаңызға зор денсаулық, отбастарыңызға амандық, еңбектеріңізге шабыт, жаңа шығармашылық ізденістер тілейміз!
Мәдениет пен өнердің дамуына, рухани байлығымыздың еселене түсуіне өлшеусіз үлес қосып жүрген барша мәдениет қызметкерлеріне зор алғыс айтамыз.
Айтулы күні кәсіби мерекемен құттықтап, мәдениетіміздің қазынасына қосқан шығармашылықтарыңызға шалқар шабыт, отбасыларыңызға амандық тілейміз!