Бүгін қазақстандық және ресейлік әнші, артист, музыкант, саксофонист, сазгер, ақын Батырхан Шүкенов ағамыз көзі тірі болғанда 62 жасқа толар еді. Патриоттық рухты оятар, қазақы болмысты еске салар туындысы «Отан-Ананы» бір тыңдайық. Әннің сөзін жазған – ақын Тұманбай Молдағалиев, ал әнін жазған – сазгер Қуат Шілдебаев. Марқұмның жатқан жері жайлы болсын.