
Отанға деген сүйіспеншілік отбасынан басталады. Туған шаңырақтан алған тәрбие – бұл барша халқымыздың бақуатты да табысты болашағының кепілі.
Жеке адамның бойындағы ар-ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам. Отбасы – басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын алтын ұя.
Тәуелсіз мемлекетіміздің мәртебесі одан әрі артып, көк байрағы биіктен желбірей берсін! Әрбір шаңыраққа шаттық пен бақыт, мықты денсаулық, ырыс-береке, толағай табыстар тілейміз.