Қазақстанда Аналар күні биыл бірінші рет жаңа датада атап өтілетін болды. Енді Аналар күні ретінде мамырдың екінші жексенбісі бекітілді. Аяулы аналар, әжелер мен апалар! Сіздерге осынау мерейлі мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін.
Деңдеріңізге саулық, бала-шағаларыңызға амандық тілейміз. Жүздеріңізден күлкі қуаныш пен шаттықтың нұры кетпесін. Еңбектеріңіз табысты болып, шаңырақтарыңызға құт-береке дарысын! Аспанымыз ашық, мемлекетіміздің іргесі берік болсын!