#REPOST @madeniet_basqarmasy Бүгін, 22 сәуір - Халық ақыны, «Халық ағарту ісінің үздігі», «Мәдениет саласының үздігі» құрмет белгілерінің иегері, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері Әсия Беркенованың туған күні.
Қазақ халқының ертеден жалғасып келе жатқан, асыл мұраларының бірі – айтыс өнері десек, Әсия апамыз осынау өнер додасында туған өлкенің намысын қорғап, шұрайлы ой, соны пікір айтқан, Қостанай облысының мерейін талай мәрте тасытқан жыр дүлділі.
Облыс әкімінің орынбасары Ринат Зәкиұлы Мұхаметқали мен Мәдениет басқармасының басшысы Құралбек Бүркітбайұлы Атамұратов Әсия Әйіпқызын төл мерекесімен арнайы барып құттықтап, гүл шоқтарын табыстады.