Айтыс өнерінің дамуына қомақты үлес қосқан сахна саңлағы, ұлағатты ұстаз, аяулы ана, сан қырлы өнерпазды бүгінгі туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бақытқа толы баянды ғұмыр, зор денсаулық, отбасының амандығы мен шаттығын, тілейміз!
Әрдайым өскелең ұрпаққа өнеге болып, халықтың құрметіне бөленіп жүре беріңіз.
Ұлт өнерін сүйетін ізбасар-шәкірттеріңіз көп болып, әр ісіңіздің жемісін көріңіз.
_____________
Ізгі тілекпен:
Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы ұжымы