Қостанай ауданында «Қазына» клубы бар. Жетекшісі — Алтын Ержанова. Олар жақында КТК арнасында өтетін «Кел, шырқайық!» бағдарламасына шақырту алып, бүгін жолға аттанды.
17.04.2024
661
0
Ақпаратты достарыңызбен сілтеме арқылы бөлісіңіз:
Облыстық халық шығармашылығы орталығының және Қостанай аудандық «Алтын дән» МҮ ұжымы сәт сапар тілеп, жолға шығарып салды. Құр қол жібермей сый-сияпатпен, Қостанайдың ыстық сәлемдемесін де беріп жіберді. Әсем Алматыға аман есен барып, Тобыл жұртшылығының өнерін паш етіп, сәлемдемесін жеткізіп, көтеріңкі көңіл күймен оралсын деп тілектестік білдіреміз.