#REPOST @altyn_dombra Күйші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Әбдімомын Желдібаев дүниеден өтті. Жамбыл өңірінің тумасы, дарын иесінің «Ерке сылқым» күйі халықтың жүрегінен орын тауып, қазақ өнерінің алтын қорында мәңгі сақталған ерекше туынды. «Ерке сылқым» күйінің құрметіне 2011 жылы Шу қаласында ескерткіш орнатылды. Ә. Желдібаевтың отызға тарта күйі мен жиырма жуық әні бар.