Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша аудан, қалалар арасында Қостанай ауданы үздік атанды. Осы еңбектері бағаланып, ұжым Облыстық халық шығармашылығы орталығының Алғыс хатымен марапатталды.
Бүгін орталық басшысы Дәмер Қалқаев, әдіскері, домбыра жобасының жетекшісі Мұрат Хамит және бөлім басшысы Әсел Тасмағамбетова Қостанай ауданында болып, алда келе жатқан домбыра күніне дайындық барысын талқылап, жоспарларын тыңдады. Дайындық жақсы деңгейде, бірақ қазіргі елдегі қиындыққа байланысты кейінге шегерілген. Алдағы апта дайындық қайта қыза түспек. Бастамалары, ұстанымдары, беталыстары өте жақсы.
Аудандық Мәдениет үйінің басшысы Бекзат Жалғасов арнайы жоспар құрып, сол бойынша дайындық жалғаса бермекші.
Жұмыстарына сәттілік тілейміз.
