8 сәуірде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев облыстар мен қалалардың әкімдеріне елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және тазалау бойынша бірқатар тапсырмалар берді
Мемлекет басшысы бұл жұмысқа тұрғындар мен еріктілерді үнемі тартудың маңыздылығын атап өтті.
Осыған байланысты республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталды. Науқан 5 аптаға созылады, олардың әрбірінің өз тақырыбы мен нақты мақсаты болады.
Қостанай облысы да акцияға қосылуда. Бүгіннен бастап, біздің өңірде де «Таза Қазақстан» науқаны қолға алынатын болады.