#REPOST @rsk.kostanay Жұматай Ахметханның бастауымен облыста алғашқы хоррор жанрдағы веб-сериалдың түсірілімі өтті
«КОНЦЕРТ ZАЛЫ» туындысының басты ерекшелігі – толықтай телефонға түсірілген.
Қазақ тіліндегі Қостанайлық тұңғыш хоррор жергілікті мәдениет үйіне жұмысқа орналасқан күзетші Ерланның өмірін баяндайды. Бірінші түнде ол бөгде дыбыстарды ести бастады, ал содан кейін қорқынышты оқиғалар орын алды.
- Қазіргі таңда комедия жанры бүкіл жерде және халық бұл жанрдан шаршаған секілді. Басты мақсат- ерекше туынды жасау болды. Бұл мақсатты орындадық деген ойдамын- деді Жұматай АХМЕТХАН
Хоррор толық 5 сериядан тұрады. Қазіргі таңда сериалдың екі бөлімін «328 production» YouTube арнасынан қарай аласыздар.