Бүгін Қостанай плаза ойын-сауық орталығында А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті, Өнер кафедрасының аға оқытушысы, педагогика және психология магистрі, Қостанай облыстық меценаттар клубының “Шабыт” сыйлығының иегері Наурызбай Әмірхамзиннің жетекшілігімен Домбыра күніне арналған іс-шара өтті
«Жұлдыз» домбырашылар студиясының домбырашылары да белсенді қатысып, көпшілікке көңіл күй сыйлады. Аталмыш бас қосуда домбыра тартылып, күй ойналып, ойын түрінде де түрлі ақпараттар берілді.
Келушілер назар аударып, белсенділікпен қатысты.