Бүгін Жастар сарайында дәулескер домбырашы, дарынды дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Назымбек Молдахметовті рухына арналған «Наз-ғұмыр» атты тағзым кеші өтті
Астанадан арнайы келген Наз-ағаның өмірдегі де, өнердегі де досы, белгілі күйші Сәрсенғали Жүзбаев кешті жүргізіп, естелігімен бөлісті.
1-сәуір күйші-композитор, бір туар тұлға Нұрғисса Тілендиеевтің де туған күні. Назекең де Нұрғисса ағамыздың жолын қуып, еліктеді, ұстаз тұтты. Кеш барысында достары, үзеңгілестері, шәкірттері жылы естеліктер айтып, марқұмның адами қасиетін, өр мінезін, рухты күшін сөз етті.
Өзі басқарған Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармония ол қолға алған жобаларды жалғастырып келеді. 2021 жылы Қостанайдың қазақ ұлт аспаптары оркестріне Назымбек Молдахметов есімі берілді. Өнерді сүйген халқы барда қайраткердің аты мәңгі жасай бермек!