1-сәуір облыстық қазақ ұлттық оркестрінің негізін қалаған ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, шебер күйші, кәсіби дирижер Назымбек Молдахметовтің туған күні
Қамшының сабындай ғана қысқа ғұмырын тұтастай Тобыл өңіріндегі ұлттық өнердің дамуына арнаған Наз-аға көзі тірі болғанда 54 жасқа толады екен.
Артына өшпес із қалдырған аяулы азаматтың есімі ұмыт қалған емес. Өзі негізін қалаған қазақ ұлт аспаптар оркестріне есімі берілді.
Кісілік болмысы мен ұйымдастырушылық, өнерпаздық шеберлігі, адами қасиеті өз алдына бір төбе. Артында қалың елі, үзеңгілестері, шәкірттері барда қайраткердің мәңгілік өнер-ғұмыры өшпек емес.