Тіпті осы киелі аспаптың бағасын халықаралық дәрежедегі ғалымдар да ақын, жазушыларда айтып кеткен. Осы құдіретті аспапты күмбірлете ойнап, домбыра күніне арналған арнайы акциясымен ауданымыздың өнерпаздары, Қарасу ауданы ауылшаруашылық колледжіне барып өнерлерін көрсетті! Қазақ пен домбыра – егіз ұғым. Күмбірлеген домбыраның үні батырларымызға рух, ақындарымызға шабыт берген. Домбыра әрбір қазақтың рухын көкке көтеретін құнды қазынамыз болуы тиіс.