Бүгін Рудный қаласында Ыбырай Алтынсариннің Торғай даласында тұңғыш ашқан мектебінің 160 жылдығына арналған «Ыбырайдың тұңғыш жаққан шырағы» атты «Жас тұлпар» облыстық оқушылар айтысы өтеді
Облыстың әр өңірінен келген дүлділдер түгелімен Рудный қаласына келіп, тіркеуден өтіп, енді қаланың көрікті жерлерін аралап, танысуда. Қонақтар кеншілер қаласындағы мектеп, колледжде болды.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Рудный қаласындағы «Орбита» демалыс орталығында сағат 15:00 «Жас тұлпар» облыстық оқушылар айтысы өтеді.
Келіңіздер, көріңіздер. Жас айтыскерлерге қолдау білдіріңіздер.