Облыстық халық шығрмашылығы орталығының қызметкері Гүлнар Молдашева Маңғыстауда өткен Амал мерекесіне барып келді
Алған әсері айтарлықтай. Мерекенің қалай өткені туралы әңгімелеп, әріптестерімен бөлісті.
«Дәстүр бойынша негізгі іс-шаралар Отпантау тарихи-мәдени кешенінің аумағында өтті. 50-ден астам киіз үй құрылып, түрлі көрмелер қойылды. Амал мейрамы Маңғыстаудың ең биік нүктесі - Отпан тауында ата-бабаларды еске алу үшін дәстүрлі Бірлік отын жағумен аяқталып, «Көрісу» күніне жалғасты», — деп әсерімен бөлісті әріптесіміз.
Гүлнар Молдашева Қостанайдың ыстық сәлемдемесін сол жақтағы әріптестерге жеткізіп, өзі де сый-сияпатпен оралды. Екі жақты мәдени байланыс алдағы уақыттарда да жарасымын таба берсін.
