Елімізде 14 наурыз Көрісу күні, "Амал" мерекесі болып аталып өтуде. Қостанай, Тобыл-Торғай өңірінде биылғы жылы жақсы қолға алынып кеңінен тойлануда.
Заречный ауылы да Көрісу күніне жоғарғы деңгейде дайындалып "Современник" МҮ ұжымының ұйымдастыруымен аймақтық деңгейде өткізді. Іс-шараға Қостанай ауданы, "Алтын дән " МҮ "Ақ Дариға" әжелер ансамблі, Қостомар" ауылы, "Ақ кербез" әжелер ансамблі, Садчиков ауылы, "Қазына" әжелер ансамблі және Заречный ауылы, "Современник" МҮ "Ақ әжелер" ансамблі қатысты.
Бағдарлама бойынша қатысқан әр ауыл ұлттық көрме жасады. Мысалы, Қостанай ауданы Ұлттық киімдердің көрмесін, Садчиков ауылы қол өнер шеберлерінің бұйымдарын, Қостомар ауылы ұлттық тағамдар, Заречный ауылы көне ыдыстар, қазақ халқының көне бұйымдарынан көрме дайындады.
Қатысқан әжелер ансамблдері салт-дәстүрлер қойылым көрсетіп, халық жанына жақын халық әндерін шырқады. Мерекелік шашу шашылып, арнайы келген қонақтарға алғыс білдіріп қатысушыларды Алғыс хатпен марапаттап, сыйлықтар табыстады. Ұлттық мереке соңында аталарымыз ақ батасын беріп көрермендер жақсы көңіл күймен тарқады.