«Жұлдыз» домбыра студиясының өрендері темір жол вокзалында жолаушыларға арнап күй ойнап, көпшіліктің назарын аударды. Олар алда келе жатқан Ұлттық домбыра күні жайында ақпарат беріп, насихаттады.
Жүрдек поездға келген жолаушылар риза болып, көтеріңкі көңіл күйімен жолға аттанып кетті.
Ал біз жас өнерпаздарға алғыс айта отырып, өнердегі өрендері өсе берсін деп тілек айтамыз.

