#REPOST @talgat_karbozov Тілмен жеткізе алмағанды үнмен жеткізген қасиетті домбыраны қастерлеп, атадан-балаға мирас етіп қалдыру мақсатында “Әр шаңыраққа домбыра” атты челледж бастадым. Акцияның мақсаты-ауданның мекеме басшылары, белді азаматтары ауданның оқушыларына, көпбалалы отбасыларына домбыра сыйға тарту
Осы орайда, Б.Қолдасбаев атындағы орта жалпы білім беретін орта мектебінің 7 сынып оқушысы Сейдағалиева Жанару Ардаққызына домбыра тарту еттім және қазақтың қасиетті аспабын қастерлеп, үйреніп, сабақта үлгілі болуына тілек білдірдім.
Осы акцияны жалғастыру мақсатында аудандық соттың төрағасы Бақытжан Сманбекұлына, аудандық мәслихаттың төрағасы Қанат Уашыұлына және “Нарбай” шаруа қожалығының басшысы Танатар Ғабдуалиұлына челлендж жолдадым.