Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы Гүлсім Базарбайқызы Мырзабаеваны еңбек демалысына шығуымен құттықтайды!
Гүлсім Базарбайқызы бар ғұмырын Таран, қазіргі Бейімбет Майлин ауданының мәдениет саласын дамытуға арнады. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің маманы, аудандық мәдениет үйінің басшысы болып жұмыс істеді, көшбасшылық пен кәсібилік қасиеттерін көрсете білді.
Бойындағы бастамашылық пен ұйымдастырушылық қабілеттері оны білікті маман ғана емес, өзгелерге шабыт беретін көшбасшы екенін дәлелдеді. Осындай адамдардың арқасында біздің қоғам жақсара түседі. Әріптесімізге ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық тілей отырып, көп жылғы тәжірибесімен әрдайым бөлісіп, айналасындағыларға адалдық пен кәсібиліктің жолын көрсетіп, жастарға үлгі бола береді деп үміттенеміз.
Құрметпен
Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығының ұжымы.