Алғыс айту күні ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған күн. Бүгінгі күні егемен еліміздің бірлігі мен берекесін нығайтып отырған игілікті істеріңіз үшін алғыс айтатын жандардың қатары көп.
Бүгінгі мерекеде Облыстық халық шығармашылығы орталығының қызметкерлері мәдеиет саласының дамуына барын салған, өнер деп жүректері соққан, осы саланың ардагерлері, өз істерінің майталмандары, ел сыйлаған, құрмет тұтқан бір топ азаматты құттықтап, алғыс сезімдерін жеткізіп қайтты.
Белгілі журналист, жыршы, ардагер Қасымхан Алдабергенов ақсақал, ел аузында жүрген талай әннің авторы, белгілі компзитор ағамыз Қалибек Деріпсалдин және сөз сарасын сіміріп ішкен айтыстың ақберені, Қазақстанның халық ақыны Әсия Беркеноваға барып, жүрекжарды лебіздерін білдірді. Гүлшоқтарын табыстап, көктем мерекесімен құттықтады. Ол кісілер де риза болып, баталарын берді.




