Меңдіқара ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдер бөлім басшысы Жанат Мұхитденқызын бүгінгі туған күнімен құттықтаймыз.
Бүгінгідей мерейлі сәтте Сізге бар жақсылықты, биік шыңдарға жете беруіңізді тілейміз. Қолға алған әр ісіңіз жемісін берсін.
Отбасыңыз аман, жүзіңіз жарқын, мерейіңіз үстем болсын! Туған күніңіз құтты, өміріңіз шуақты болсын.