9 ақпан күні Лисаков қалалық мәдениет және спорт орталығының сахнасында "Бейнеттің көріңізші тек зейнетін" атты Бірмұхан Мырзағазының құрметті демалысқа шығуына орай шығармашылық кеші өтті
Мырзағазы Хасенұлы 1995 жылы Лисаков қаласына көшіп келіп, сол уақыттан бері қаланың мәдени өміріне, ұлттық өнердің дамуына зор үлес қосқан өнерпаз.
Концертте кеш иесінің шәкірттері, балалары және әріптестері өнер көрсетті.
Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығының атынан көркемдік жетекшісі Бағдат Сырбайұлы құрмет алғыс хатын табыстап, иығына шапан жапты.