Өмірде қайғы мен қасірет атаулының егіз болатыны бар. Қасіреттің ең бір ауыры қаза. Сол қазаның жеңілі болмақ емес. Әріптесіміз Жанұзақ Айсағалиевтің мезгілсіз өмірден өткені төбемізден жай түсіргендей болды.
Облыстық халық шығармашылығы орталығында бөлім басшысы қызметін атқарған жылдарда жемісті еңбек етті. Оған дейін де, кейін де өңірдің әр жерінде түрлі қызметті атқара жүріп, мәдениет саласын өркендетуге бар күшін сала білді. Берері әлі де көп еді.
Алланың жазуына амал бар ма?! Алла жар болып, алдын пейіш, артын кеніш етсін!
Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұжымы анасына, отбасына, туыстарына қайғыра көңіл айтып, қайғысына ортақтасады.