#REPOST @culture_arqalyq
Биыл Арқалық қаласында Ұлттық домбыра күніне орай “Домбыраның күмбірі – бар қазақтың бірлігі” атты 2000 домбырашының орындауында қазақтың 7 күйі бір мезетте орындалып, мерекелік бағдарлама ұйымдастырылады.
Ұлттық аспапты дәріптеу жолында
қала мен қаламызға қарасты ауылдардың жастары, мектеп оқушылары, жалпы түрлі сала өкілдерінен құралған 2000 домбырашы үн қоспақ.
Көпшіліктің рухын асқақтатып, ерекше сезімге бөлеген игілікті шараны биыл да жалғастырып отырмыз. Жыл сайын қатарынан 7 күй орындап, қала тұрғындарының ыстық ықыласына бөленіп келе жатқан Восточный ауылы биыл да өз үлестерін қосып, жоғары нәтижеде өнер көрсетпек. Ауыл әкімі Жағыппаров Дархан Нәбиұлы бастап, мәдени ұйымдастырушы Тайшықова Мейрамкүл Серікқызының еңбегінің арқасында биыл ауыл тұрғындары дайындық барысын ең алғашқылардың бірі болып бастады.
Барымызды бағалап, тарихымызды жаңғырту жолында қасиетті Торғай елі, зиялылар мекені – Арқалық жұрты қашанда көпке үлгілі ісімен танылған. Ендеше, барлығымыз бірге осы аталған іс шараға өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз!