“Март” сауда орталығындағы “Арман” кинотеатрында облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен "Домбыра — мәңгі мұрамыз" атауымен ерекше флешмоб өтті
Бұл Ұлттық домбыра күніне жоспарланған іс-шараның бастамасы. Бізді «Жұлдыз» домбыра студиясының домбырашылары, жетекшісі Айгүл Тимербекова қолдап, челленджді бастап кетті. Бұл көрген адамға ерекше әсер етіп, елжандылық сезімге еріксіз тарта түсетін тамаша бастама.
Орталықтың ұлттық жанр бойынша әдіскері Мұрат Хамитов та қатысып, жеткіншектерге демеу білдірді.
Енді әр апта сайын қасиетті домбыраның қадірі мен қасиеті, мақсаты мен мұраты, құдыреті мен киесін дәлме-дәл беретін осындай рухани кештер жиі өтіп тұратын болады. Өнерпаздар Ұлттық домбыра күнінде өтетін домбыра шеруі айлығына көпшілікті шақырды.
Осы іс-шараның өтуіне қолдау білдірген кинотеатр әкімшілігіне де алғыс білдіреміз.

