Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы ұжымымен кездесу
2024 жылдың 19 қаңтар күні Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының басшысы Қ. Атамұратов облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығының ұжымымен есептік кездесу өткізді.
Негізгі мақсаты - ұжыммен кездесіп, пікір алмасу, орталықтың 2023 жылғы жұмысын бағалау, 2024 жылға жоспарымен танысу.
Кездесу барысында орталық басшысы Д. Қалқаев ұжымның жасаған жұмысын, сондай-ақ, 2024 жылға арналған міндеттерді талдады.
Кездесу соңында Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының басшысы Қ.Атамұратов ұжымға атқарған жұмыстары үшін алғыс айтып, одан әрі табыс тіледі.

