Бүгін Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығында Қостанай облысының қалалық және аудандық мәдениет үйлерінің атқарған жұмыстарының жылдық есеп берулерінің қабылдауы басталды
Мәдениет бөлімінің басшыларының қатысуымен жылдық есеп беруді Сарыкөл ауданы бастады.

Аудандық мәдениет және тілерді дамыту бөлімінің басшысы Шуленов Нұрсұлтан Жұмаділұлы жыл бойы атқарылған жұмыстарға тоқталды. Биылғы жылға деген жоспарларымен де бөлісті. Бардық есеп салыстырылып, тексерілді. Бәрі ойдағыдай.
Аудан, қала бөлімінің басшыларының жылдық есеп берулері алдағы уақытта да жалғаса бермек.