Әр жылдан көп жақсылық күтіп, көп үміт артамыз. Осы сенім мен үміт орындалып, армандарыңыз бен тілектеріңіз жүзеге ассын.
Алдағы жылда денсаулығыңыз мықты, бақытыңыз үстем болып, күш-қуатыңыз таусылмасын, қанатыңыз талмасын деп тілейміз. Өткенге риза болып, жаңа жылға бәріміз таза ниетпен, нық қадаммен аттайық. Жаңа жылға елмен бірге жаңа табыстарға жете берейік.
Ұлу жылы ұшқыр арман-қиялдарыңыз бен ақ тілек ниеттеріңіз орындалатын жарқын да көңілді, табысты әрі мақсатты жыл болуын тілейміз.