Бүгін Лисаков қалалық мәдениет сарайында "Ару аналар" вокалды ансамблінің құрылғанына 30 жыл толуына орай шығармашылық кештері өтті
Ансамбль жетекшісі Мырзағазы Бірмұханов.
Концертте халық әндері, қазақ және Тобыл-Торғай композиторларының әндері орындалды.
Кеш соңында Лисаков қаласы әкімінің орынбасары Саят Шаймұрыновпен орталықтың көркемдік жетекшісі Бағдат Оспанов құттықтау сөз сөйлеп, Халық шығармашылығы орталығының басшысы Дәмер Елтайұлының Алғыс хаты мен қатысушыларды Мадақтамалармен марапаттады.
#ГидПоКазахстану





