Хабар телеарнасынан ұсынылған "Бозторғай - 2" телесериалы көрермен көзайымына айналғаны бәріңізге мәлім. Сол телесериалдың кейіпкері Ермек, Ермектің драмаға толы өмірін жазған, сериал авторы Қанат Естек және сериалдың түсірілімін басқарған бас продюсер Жалын Тілеуберген Халық шығармашылығы орталығында болып, басшы Дәмер Елтайұлы оларға "Бозторғай. Жылы ұя" статуэткасын табыс етті.