Облыстың мәдениет басқармасын басқарып отырған Атамұратов Құралбек Бүркітбайұлын бүгінгі туған күнімен құттықтаймыз
Қолға алған әр ісіңіз алға басып, биік белестерді бағындыра беріңіз.
Бойыңыздағы еңбекке адал, мақсатқа берік қасиеттеріңіз шыңдарға жетелесін. Қасиетті Тобыл-Торғай мекенінің рухани байлығын, мәдениетін дамытып, өнерін өрге бастай беріңіз.
Ақылман басшы, іскер ұйымдастырушы, жарқын бастамалардың қолдаушысы бола беріңіз. Бүгінгідей мерейлі сәтте Сізге ақ ниетпен мықты денсаулық, қажымас күш-қайрат, ортаймас несібе тілейміз.
Еңбекте толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жете беріңіз, абырой-беделіңіз бен табыс-тартуларыңыз арта берсін. Әрдайым мерейіңіз үстем болсын!