Мәдениет саласының үздігі, айтыста тұңғыш ақбозат мінген ару ақын, жерлесіміз Жадыра Құтжанованы туған күнімен халық шығармашылығы орталығының ұжымы құттықтайды.
Осы қуанышты күні Сізге деніңіздің саулығын, шаңырағыңыздың ырыс байлығын тілейміз. Әрдайым осы тыңғылықты да тындырымды қалпыңыздан танбай, табыстан табысқа жете беріңіз.
Отбасыңыздан ынтымақ, басыңыздан бақ таймасын! Дос-жаран, туған-туыс, жақындардың алдында абыройыңыз әрдайым артып, аңсаған арманыңыздың асуларына жете беріңіз!
Сізге бар жақсылықты тілейміз. Мықты денсаулықтың арқасында отбасыңыздың ортасында баянды да бақытты ғұмыр кеше беріңіз.