Тарихи мәні терең, идеологиялық жүгі жоғары айтулы күн еліміздің бүгіні мен ертеңіне адал қызмет ететін, ерен істер мен елеулі бастамаларды жалғастыратын барша азаматтың отаншыл рухын оятып, сенім мен жауапкершілік сезімін қалыптастырады.
Еліміздің кемелдену жолында бірлікті ту етіп, адал еңбектің құндылығын биік қоятын әр азамат ұлық мерекенің ұлағатын кейінгі ұрпаққа кеңінен насихаттау тізгінін жалғастыра берсін. Бұл күн Қазақстан Республикасының негізі қаланған тарихи сәт ретінде де өте қастерлі.
Баршаңызды Республика күнімен құттықтай отырып, әр отбасына амандық, татулық, бақ-береке тілейміз.