Қарасу аудандық мәдениет үйінің директоры Айна Тикенованы туған күнімен құттықтаймыз!
Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілейміз.
Қолға алған әр ісіңізге сәттілік, тың жобалар жүзеге асып, өңірдің мәдениет саласының жандануына қосқан әр үлесіңіз жемісті болсын.
Жастан жасқа жете беріңіз.