Сіздің біздің ұжымға келгеніңізге көп болмаса да ортаңызға сіңіп, баршамен тез тіл табысып, өз ісіңіздің маманы екенін көрсете білдіңіз.
Жан-жақтылығыңызбен, өнерге деген сүйіспеншілігіңізбен көпшілікті баурап аласыз.
Өнегелі еңбек етіп, тындырымды істер атқарып келесіз. Тәжірибелі, үздік маман ретінде құрмет тұтып сыйлаймыз.
Денсаулығыңыз мықты, жүзіңіз жарқын, ғұмырыңыз ұзақ та мағыналы болсын.
Әрқашан мерейіңіз үстем, мәртебеңіз биік болсын. Көп жасаңыз!