Құрметті ұстаздар! Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытатын ұстазға деген халқымыздың құрметі қашан да ерекше. Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Жүздеріңізден әрдайым нұр шашып, күндей күлімдеп жүріңіздер.
Зор денсаулық, ұзақ ғұмыр берсін. Еліміздің ертеңгі келешегі сіздердің қолдарыңызда! Тәуелсіз қазақ елінің дамуына қосып келе жатқан еңбектеріңіз үшін баршаңызға шексіз алғысымызды білдіреміз!
Білімді де, талантты шәкірттеріңіз көбейе берсін! Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, қиын да қастерлі ұстаздық қызметте табыс тілейміз!