Гүлдей жайнап жүретін әріптесімізге бар жақсылықты тілейміз. Әрдайым осы тыңғылықты да тындырымды қалпыңыздан танбай, табыстан табысқа жете беріңіз. Отбасыңыздан ынтымақ, басыңыздан бақ таймасын!
Әрдайым көңіліңіз көтеріңкі болып, ортаңызда абыройыңыз артып, аңсаған арманыңыздың асуларына жете беріңіз!
Мықты денсаулық берсін! Әрқашан жүзіңізден мейірім нышаны кетпей, айналаңызға нұрыңызды шашып жүре беріңіз.
Туған күніңіз құтты болсын!