«Құлақтан кіріп, бойды алар, әсем ән мен тәтті күй»деп Абай атамыз айтқандай ән – қанатыңды қатайтып, көңіліңді көтереді. Жүректен шығып, жүрекке жетеді. Бүгін — Халықаралық музыка күні.
Бұл мереке ЮНЕСКО-ның Халықаралық музыка кеңесінің шешімімен жыл сайын 1 қазанда атап өтіледі.
Өңірден шыққан дарындар әнімен әлдилеп, өнерімен қуантып жүр.
Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұжымы барша әріптестерді Халықаралық музыка күнімен шын жүректен құттықтайды!
Шығармашылық табыс тілейміз!