Бүгінгі мерекенің маңызы жоғары.
Үлкенді сыйлау, құрмет көрсету, төрге шығару қанымызда бар дүние. Алдыңғы толқынның өмірлік тәжірибесі мен ақыл-кеңесі, тәлім-тағылымы біз үшін орны бөлек даңғыл жол болмақ. Үйренеріміз көп.
Әрбіріңіздің облыстың мәдениет саласының өсіп - өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Бүгін, еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да Сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым - парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер.
Аман болыңыздар, зейнеттің рахатын көріп, жасай беріңіздер.