Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығының қызметкерлері Қамысты аудандық мәдениет үйінде жоба аясында әдістемелік көмек көрсетіп, аудан мәдениетінің тыныш-тіршілігімен танысты.
Мәдениет үйінде өнерпаздардың кабинеттері ғана емес, оған қоса музейде орналасқан. Бұл жерде аудан өнерпаздарының жарқын бейнелері және көптеген жәдігерлер сақталған.
Зерделеу барысында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шара соңында Халық шығармашылығы орталығының басшысы Қалқаев Дәмер Елтайұлының атынан өнерге елеусіз үлес қосып жүрген өнерпаздар Алғыс хаттармен марапатталды.