altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
#Repost Facebook Нұрлан Есенқұлов Ассалаумағалейкүм Жақсыларым!
13.09.2023
1295
0
Нұрлан Есенқұлов


 
Елге аман-есен жетіп алдық. Үйге құтты болсын айтып келген қонақтарды шығарып салдық. Таңмен таласа Қазақстан Шымкент теле арнасына сұхбат бердік. Енді айтыс жайында бір-екі ауыз жазуға болады. Сонымен Қостанай облысы,Амангелді ауданында өткен керемет тойдың куәсі болдық. Халық батыры Амангелді Имановтың 150 жылдық мерей тойы жоғарғы деңгейде өтті. Ұлттық спортқа,ұлттық өнерге,ғылыми конференцияға басымдық берген Тобыл-Торғай елінің береке-бірлігі,ымырасы мен ынтымағы сүйсінтті. Оның ішінде елдің айтысқа деген ықыласы,ақындарға деген құрметі бөлек енді. Әдетте футбол өтетін стадиондар доп додалары кезінде болмаса Димаш секілді әншілер келгенде ғана толып қалушы едіғой. Бұл жолы төл өнеріміз айтысқа деп келген ағайынның стадионға толып отырғаны таң тамаша етті. Тобыл-Торғай жұртына Алла жар болсын! Амангелді ауданының тарихына,тұлғаларына тоқталсақ таңды-таңға ұрып айтуға,том-том кітап жазуға болады. Мен бір нәрсені айта кеткім келіп отыр. Ауданда әлемнің 7 кереметі топтастырылған үлкен туристік кешен салынып бітуге таяу тұр. Көптеген аудандарда бола бермейтін жабық бассейн аудан жұртшылығына қызмет етіп тұр. Ғажапқой я. Тойдың болғанынан боладысы қызыққой негізі. Оны ұйымдастыру,үйлестіру бар дегендей. Қыруар шаруалардың шашауын шығармай ұйымдасыра білген Қостанай облысының әкімдігіне,мәдениет басқармасының басшысы Құралбек Бүркітбайұлына,Дамир Елтайұлына және барша мәдениет ұжымдарына Амангелді ауданының әкімі Талғат Тойшыбек ұлы бастаған серкелерге алғысым шексіз!
 
Тобыл-Торғайда республикалық ақындар айтысын өткізу жыл сайынғы дәстүрге айналды. Нұрхан Ахметбеков,Қонысбай Әбілов,Әсия Беркенова секілді халық ақындары туылған өңірде айтысқа деген махаббаттың ерекше болуының өзі заңдылық сияқты. 
 
Аманжол Әлтай ағамыздың жүргізуімен,халық ақыны Әсия Беркенова апамыздың, Серікбай,Ақылбай сынды ғалым ағаларымыздың ,Жанарбек Әшімжан, Айбек Қалиев секілді ақтангерлеріміздің әділ қазылық жасауымен жақсы бір айтыс өтті. Шауып тұрған сәтте бағымды байламай қолдау білдірген Ақын аға-апаларыма мың алғыс! 20 жыл айтыс сахынасында жүріп алғашқы темір тұлпарды Торғайда мінгенімнің өзі бір тарих болып қалмақ. 
 
Шымқалаға кіріп келгенде құшақ ашып қарсы алған Анамды,Ұстаздарымды ақын-бауырларымды,әріптестерімді,достарымды көргенде қатты қуанып,толқығанымды жасырмаймын. Жеңісімді елеп-ескеріп алдымнан шыққан Шымкент қаласы мәдениет басқармасының басшысы Сәкен Шәкев бауырыма, ұстаздарым Әбдіхалық Әбдірайымұлына, Бөрібай Оразымбет, Карима Оралова, Анар Жаппаркулова ға, Бахтияр Спанов, Рашид Нұрманұлы ағаларыма, барша бауырларыма алғыс айтамын. Одан бөлек әлеуметтік желі арқылы қуанып құттықтап жатқан барлық тілекшілеріме үлкен рақмет. Баршаларыңызға бақыт тілеймін!

Тәуелсіздігіміз тұғырлы,егемендігіміз еңселі болсын. Арда өнеріміз аман болсын!
 
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
29.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
26.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @qumaraqsaqalov - ⚜️Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қостанайдағы Триатлон саябақта көпфункционалды стадион ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазанда сағат 13:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Абай Амирханов, Назымбек Молдахметов және Калибек Дерипсалдин атындағы, қазақтың халық аспаптар этнографиялық «Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған IV қалалық командалық ашық «Тобыл толқыны» байқау-фестивалі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:30-да стадионның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл – спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттаудағы маңызды оқиға.
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:00-де Жастар сарайының жанында биіктігі 40 метрлік ту тұғырын салтанатты ашу рәсімі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
23.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Рухы биік - Қазақстан!
23.10.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні қарсаңында қала активі, бизнес және қоғам өкілдерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Бүгін, 22 қазан күні, «Қыран елім – Қазақстаным!» атты салтанатты іс-шара аясында Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мирас» қалалық мәдениет сарайының мәдени ұйымдастырушысы Ермағанбетова Ажар Серғазықызы Қостанай қаласының әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
22 қазан күні сағат 11:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Қазақстан Республикасы күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным!» атты мерекелік іс-шара өтті
21.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» IV ашық қалалық командалық конкурс-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына орай IV «ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» байқау-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
14 қазан күні Қостанай ауданының Тобыл қаласындағы «Затоболец» стадионында Қостанай облысы колледждерінің Спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті
13.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
13 қазан күні сағат 15:00-де Жітіқара қаласында «Қостанай минералдары» АҚ-ның 61 жылдығына арналған концерттік бағдарлама өтті
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
29.10.2026
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
Рухы биік - Қазақстан!
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
23.10.2026
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
Автор: Әулиекөл мәдениет үйі
23.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
23.10.2026
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
14.10.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру