Сала мамандарын бүгінгі мерекемен құттықтаймыз. Мазмұнды фильмдеріміз көбейіп, халықаралық байқауларда үздік шыға беруіне тілектеспіз.
Осы жолда аянбай еңбек етіп жүрген баршаға мықты денсаулық, қажымас қайрат, шығармашылық шабыт, толайым табыстар тілейміз.
2005 жылы Қазақстан кинематографистері одағының басшысы болған Бауыржан Нөгербеков 12 қыркүйекті «Қазақ киносының күні» деп атауды ұсынды. Содан бастап бұл дата жыл сайын атап өтіліп келеді.
