Аманкелді Имановтың 150 жылдық мерейтойына арналған мәдени-спорттық іс-шаралар кезең-кезеңімен өтуде. Соның бірі облыстық қуыршақ театры әртістерінің тарту еткен музыкалық бағдарламасы. Театр әртістері бағдарламаны кішкентай көрермендердің назарына ұсынды. Жиналған қауым риза болып, қуанып қалды. Олар Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте "Қош келдің, мереке!" атты музыкалық қойылым қойды. Қоюшы режиссері — Юлия Семенова.