Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы және кинобейнеқор орталығының қызметкерлері басшысы Дәмер Қалқаевтің басшылығымен қандай мереке, іс-шара болмасын жауапкершілікпен атқарып, жоғары деңгейді өткізіп шығады. Әр қызметкер өз ісін жақсы біледі әрі кәсіби мықты мамандар.
Бүгін осы еңбек пен шығармашылық бағаланып, қала әкімі Марат Жүндібаевтің Алғыс хатына ие болдық. Оны қалалық мәдениет бөлімінің басшысы Сәуле Әзімжанова табыстап, ыстық лебізін жеткізді.
Онда:
«Қаламыздың құрылғанына 144 жыл толуына арналған іс-шараларды дайындауға және өткізуге белсенді қатысқаны үшін Сізге алғысымды және шынайы ризашылығымды білдіремін. Сіздің қолдауыңыздың арқасында мереке жоғары деңгейде өтті, ал қала тұрғындары мен қонақтары көптеген қуанышты, ұмытылмас әсерлерге ие болды. Біздің қаламыздың игілігі үшін барлық бастамаларға сәттілік тілеймін!» деп жазылған.
Ортақ мүдде, ел игілігі үшін еңбек етуге әрқашан дайынбыз. Бұл біз үшін қуанышты жағдай.
#ГидПоКазахстану