"Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымының" Қостанай облысына гастрольдік сапары аталған аймақтың Сарыкөл ауданында жалғасын тапты.
ҚР Еңбек сіңірген әртісі, "Құрмет" орденінің иегері, Сарыкөлдің тумасы Айжан Нұрмағамбетованың шығармашылығына 45 жыл толуына арналған концерттер шеруі әншінің туған өлкесінде салтанат құруда.
Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткерлері, "Қазақконцерт" солистері Құрмаш Махан мен Нұрболат Арзамасұлы мерейтойлық концерттердің көркін қыздырып, қалың көрерменнің көңілін көтерді.
Бұл ауқымды мәдени-көпшілік шаралар ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен қолға алынған "Ел бірлігі - жаңа Қазақстан" жобасы аясында өткізіліп келеді.
#ГидПоКазахстану