Абай мұрасы - халқымыздың руханиятын әлемге танытатын теңдесі жоқ құндылық. Оның әділдік, адалдық, адамгершілік идеяларына негізделген, тағылымы мол шығармашылығы - қазақ әдебиетінің жауһары.
Абайдың баға жетпес мұрасы қазақтың ұлттық мәдениетіне зор әсерін тигізді. Оның еңбектері осы күнге дейін бүкіл елдің қоғамдық және мәдени өмірінің бағдарларын анықтайды.